Компьютерлік сауаттылыққа үйренеді

1257

0

«Асыл мұра − Орда» қоғамдық қоры мүгедектерге арналған компьютерлік білім беру орталығын ашты. Орталық қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Мүгедектігі бар адамдар мен жеке көмекшілер үшін компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында қолдау тапқан.

Іс-шараға қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының орынбасары Смат Сейдахметов, қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Сәкен Алдашбаев және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Орталыққа 8 компьютер орнатылып, принтермен қамтылған. Интернет желісіне қосылған. Енді мүгедектігі бар жандар мен жеке көмекшілері арнайы орталықтан және қашықтықтан компьютерлік бағдарламаларды үйренеді. Әсіресе әлеуметтік Еgоv порталында жұмыс істеу дағдыларын, Egov арқылы өтінімдерді рәсімдеу және ЭЦҚ алуды меңгеретін болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<