Конкурс жарияланады

368

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімінің «Қызылорда қаласының Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Мекеменің атауы: «Қызылорда қаласының Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Казыбек би көшесі, 21, индекс 120000.

Лауазымдық міндеттері. Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісім- шарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтарды шығарады, іскерлік кездесуде ұйымның атынан өкілдік етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді ісқимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтармен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, қызметтердің сапасын және бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарыныңы (келісім-шарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Қызметтердің техникалық деңгейін және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогресивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, озық тәжірибені зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамассыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірбиесімен тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асырылуында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланулын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартылымдылығын қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мәдениет туралы», «Тіл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Еңбек, Бюджет, Кәсіпкерлік, Салық кодекстерін және басқа нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы      №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестациялау, сондай-ақ, оның кандидатурасын келісу қағидаларын бектіу туралы» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғандығы туралы бұйрықтың көшірмелері;
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарың бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы бойынша анықтама.
  7. 3х4 өлшемдегі 2 сурет

Конкурсқа қатысушы комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, наградалары туралы қандай да болмасын деректі расталған ақпартты ұсынуға құқылы.

Конкурс өткізу күні: конкурс өткізу хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң;

Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21 /А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің екінші қабаты/ байланыс телефондары 8 (7242) 27-77-55 e.mail: kultura_sport mail.kz;

Қызметтік міндеттері: коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғысына сәйкес қызметін қамтамасыз ету және жалпы басшылық жасау. Конкурсқа қатысушы комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, наградалары туралы қандай да болмасын деректі расталған ақпартты ұсынуға құқылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<