Корей орталығының аналарын құттықтады

221

0

Фото: Ассамблея

🌹8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қызылорда облыстық Корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастырумен орталықтың белсенді өкілдері мен оның құрылуына зор еңбегі сіңген нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.
Корей орталығының белсендісі, кәсіпкер Елена Анның қолдауымен «Ego» кафесінде мерекелік ақ дастархан жайылып, әдемі кеш өтті.
Орталықтың ардагер аналары корей ұлттық әндерін шырқап, караокеде жастық шақтарын еске түсіретін әндер айтты. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, бақыт пен жақсылық тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<