Коронавирус: Науқастарға дәрінің 5 түрі тегін беріледі

157

0

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Провизорлық орталықтарда жедел әрекет ету үшін медқызметкерлерді дайындаудан бөлек, дәрі-дәрмектермен толықтыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. КВИ-ға ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелінген аппараттар сатып алынды. Өңірлерге 8,7 млрд болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек жөнелтілді. Бұл орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді», – деді Б. Қожахметов бүгін Орталық комумникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленеді. Стационардағы 200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді.

«Сонымен қатар, амбулаторлық жағдайда ем алатын бір миллион науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмектің 5 түрін сатып алу үрдісі аяқталуда. Дәл осындай ауқымды шаралар алғашқы рет қабылданып отыр», – деді ресми өкіл.

«Сырқаттанып, вирус жұқтыру бойынша күдіктенсеңіз, тіркелген емханаға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыздар! Барлық емханаларда қажетті дәрі-дәрмек бар және ақысыз беріледі. Атап айтқанда, парацетамол, ибупрофен және басқа да қажетті препараттар еліміздің барлық емханаларына жеткізіледі. Дәрі-дәрмектерді жеткізу «СҚ-Фармация» компаниясы тарапынан жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз