Костенко шахтасында қаза болғандар саны 35-ке жетті

325

0

Сурет ашық дереккөз

29 қазан күнгі сағат 09:00-ге келіп түскен ақпарат бойынша Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.

“Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау жалғасуда”, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<