Кәсіпкерлікке қол созам десеңіз…

377

0

Есепті кездесуде көтерілген мәселелердің бірі – аймаққа инвес­тиция тарту мен орта және шағын бизнес арқылы экономиканы әртараптандыру.

Бизнес өкілі ретінде айтарым, аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық шаралар атқарылуда. Кәсіпкерлік – экономиканың бас­ты драйвері. Сондықтан мемлекет тарапынан оның қарқынды дамуына үлкен күш жұмсалуда. Аймақ экономикасының өсімін қалыптастыруда жергілікті кәсіп­керлердің үлесі зор. Олардың кәсіп ашқанымен қоймай, жұмыссыздықты жою жағында да үлкен үлесі бар. Ал бұған жергілікті билік те қолдау көрсетіп, оның көркеюіне, тың әрі жаңа жобалардың іске асуына оң ықпалын тигізіп келеді. Егер кәсіпкер болам десеңіз, мемлекет тарапынан қолдау жетерлік. 

Мысалы, сол жағалаудағы жаңа ауданнан ойын-сауық орталығын, кәсіпкерлік нысандарын тұрғызуға әбден болады. Мұнда бізге қажетті барлық инфрақұрылым тартылған. Өз басым бизнестегі 30 жылдық тәжірибемде мұндай қолдаулар болмағанын нақты айта аламын.


Ерлан РАЙЫМОВ,

«Райым» ЖШС директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<