Шөп ұрлаған күдікті ұсталды

380

0

Ақпан айының 23 күні сағат 18.00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арыз түсті. Арызданған азаматша 16-22 ақпан күндері аралығында белгісіз біреулер үйінде ешкімнің болмағанын пайдаланып, үйге пластик терезені сындырып кіріп, су моторын және қорасынан 300 дана престелген шөбін алып кеткен.


Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті 47 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Үйге ұрлыққа түскен азамат мотор мен престелген шөпті көлігіне тиеп алып кеткендігі анықталды.ъ


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігімен (Үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<