Күн қашан жылиды?

757

0

то: ашық дереккөз

Қызылорда облысында желтоқсан айында орташа ауа температурасы 6-12 градус аралығында болды. Ең суық ауа райы, яғни, 30 градус аймақтың солтүстік аудандарында тіркелді, жауын-шашын мөлшерінен аз түсті.

– Ал қаңтар айында орташа ауа температурасы 5-8 градус болды, – деді «Қазгидромет» РМК облыс бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова. – Жауын-шашын мөлшері де қалыпты деңгейде, ол 8,23 миллиметрді құрайды. Айдың аяғына дейін күн жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-15, солтүстік аудандарда 18 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Күндізгі уақытта ол 5-8 градусты шамаласа, оңтүстікте 3 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.

Маманның айтуынша, ақпан айының алғашқы күндерінде ау райы жылы, 5 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Айдың ортасына таман температура күрт төмендейді. Түнде 15-20 градус болса, солтүстік аудандарда 25 градусқа дейін жетпек. Ол күндіз 5-10 градусты шамалайды. Ал 10-15 ақпан аралығында қар жауады деп болжанып отыр. Ұзақмерзімді болжам бойынша жауын-шашын наурыз-сәуір айларында өз мөлшерінде тіркелсе, мамыр айында азаюы ықтимал.

– Мамандар 2018-2023 жылдар аралығында ауа райы жағдайына зерттеу жүргізген еді. Белгілі болғанындай, қыс айлары өңірде бірде салқын, бірде жылылығымен ерекшеленуде. 2018-2019 жылдары ең қатты аяз 26 градусты маңайласа, биыл ең жоғары температура 30 градусты шамалады. Жалпы, әлемде жылыну процесі байқалады. Соған сәйкес Сыр өңірінде де бұрынғы кезеңмен салыстырғанда температураның біршама төмендеуі көрініс беріп келеді, – деді А.Жөкелова. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<