Күн суытады

462

0

Қазгидромет 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, 5 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, 6 қазанда тәулік бойы шығысында екпіні 15-20 м/с болмақ.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді деп болжануда.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<