Күнтізбеде Абай күні бар

1025

0

Қазақстан Республи­ка­сының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың мамыр айында қазақтың Бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойған еді. Онда ақын мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым жґне мґдениет мґселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мґдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеу мґселесі айтылған.

«…Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығар­машылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз», – деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында құрылған арнайы мемлекеттік комиссияның бекіткен жоспарына сәйкес «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту, ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, Абай Құнан­байұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне аудару сияқты маңызды мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылданған. Айта кетейік, осы шаралар қатарында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы тарапынан ақынның туған күні – 10 тамызды «Абай күні»  деген атаумен мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізу ұсынылған болатын. Жуырда ғана осы ұсыныс оң шешімін тауып, Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып мемлекеттік мерекелер санатына енді. Бұл – әрине, ең алдымен ұлы ақынға деген құрмет десек, сонымен бірге, ұлт әдебиетіне деген ізгі ниеттің бір көрінісі.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<