Күрделі ота жасалды

728

0

Көпбейінді облыстық аурухананың білікті дәрігерлері жоғары технологиялық медициналық қызмет (ВТМУ) түріне кіретін күрделі отаны сәтті жасап шықты.

1983 жылы туған науқасқа үлкен емізікше ісігіне аса күрделі ота жасалды. Ол «Гастропанкреатодуоденалды резекция. D2 лимфодиссекциясы» деп аталады. Отаға аурухана бас дәрігері, білікті хирург Жасұлан Баймаханов, ассистент Ербол Серікұлы, Әсет Жалмағанбетов және анестезиолог Мақсат Әбдібахиев, мейіргер Айсұлу Бекқожа қатысты. 

– Науқас бұған дейін аурухананың терапия бөлімінде жатып, тексеруден өтті.  Тексеру нәтижесінде  асқазанында қатерлі ісік бар екені анықталды. Жан-жақты зерттей келе ота жасауды ұйғардық. Іш құрылысына жасалатын күрделі ота барысында асқазанның бір бөлігі, өт жолы, өт қалтасы, ұйқы безінің бас жақ бөлігі  алынып, ішекке жалғанады.  Бұған дейін мұндай ота жасалғанымен, біраз уақыттан бері тоқтап қалған. Енді қайта қолға алатын боламыз. Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты, тамақ ішіп жатыр. Екі-үш күнде үйіне шығарамыз, – дейді Ж.Баймаханов.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<