Күздің берекесі

384

0

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру – бағаны тұрақтандыру бағытындағы қадам екені белгілі. Осы тұрғыда Әйтеке би кентінде жәрмеңке өткізілді.

Орталық көшеде ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап, көпшіліктің көңіл-күйін, ынта-ықыласын, баға жайын бақылап, арнайы бардық. Елді мекендерден жеткізілген күйлі тоқты-қой, балық, қауын-қарбыз, ет-сүт, бақша өнімдеріне сұраныс көптігін байқадық. Әсіресе,  қыстың қыр астында тұрғанын сездіргендей жем-шөп, қас-қағымда сатылып жатты.

– Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге  45 көлікпен  70 тоннаға жуық өнім шығарылды. Аудандағы ірі өңдеуші кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Алдағы уақытта мұндай шара жалғасын табатын болады, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<