МАҚАЛАНЫҢ МӘНІ ЗОР

293

0

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы көптеген қазаққа ой салып, дер кезінде жарияланған құнды дүние болды. Бұл мақала 2004-2015 жылдар аралығында жүзеге асқан «Мәдени мұра» мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын одан әрі жандандыруға негізделген іспетті. Себебі «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ұлт тарихына қатысты көптеген ауқымды шаралар жүргізілген болатын. Осы орайда 2004 жылы ашылған рухани орындардың бірі – Ақмешіт филиал музейі болса, биыл Рухани жаңғыру орталығы жанынан тарихымызды танытатын тағы да жаңа музей ашылды. Мұның барлығы болашағымызды бағдарлап, келешегімізге кемел жол салудан туындаған ой деп білеміз.

Мәселен, Елбасы мақаласында архив, музей саласының одан әрі дамуына айрықша тілге тиек етеді. Ондағы «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы” жобалары мәдени дамудағы музей жұмысының нақтылана түскенін аңғартады. Яғни, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін аша отырып, оған қазақ халқының озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болатындығын баса айтты. Осы ретте, бағдарлама – музей қызметкерлері үшін үлкен міндет жүктейді. Біздің ұжым бұл орайда бірлесе жұмыс жасайтын болады. Себебі, елдің ертеңін өткен тарихпен ұштастыру біздің басты мақсатымыз. Осыған сәйкес бүгінгі күні студенттер мен оқушыларға мақаланы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  алдағы жылға біршама жобалар мен іс –шаралар жүзеге асырылатын болады.

Кенже АХМЕТОВА,

“Ақмешіт” музейінің меңгерушісі.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<