Кәсіпкер қолдауымен жас ақындардың жыр жинағы жарыққа шығады

838

0

«Сыр үміті» жастар қауымдастығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Студенттер сарайында» поэзия кеші өтті.

Кешке облыстық мәслихат депутаты, қауымдастық төрағасы Мағжан Ералиев, ҚМУ Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары проректоры Жандос Базартай, Сырдың жас ақындары қатысты. Кеште өлеңдер оқылып, күй шертіліп, әндер орындалды.

Кеште «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев жас ақындарға қуанышты хабарын жеткізді. Мағжан Абзалұлының бастамасымен және қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сыр бойындағы жас ақындардың өлеңдер жинағы кітап ретінде жарыққа шығатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<