Майдангерді мерекемен құттықтады

188

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін айтулы мереке – Алғыс айту күніне орай соғыс ардагері Тобаберген Тілеубергеннің шаңырағына барып, ғасыр жасаған майдангерді мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангердің иығына шапан жауып, елдің атынан шынайы алғысын жеткізді. Соғыс ардагері де мереке қарсаңында құрмет көрсетіп, жылы лебізін жеткізген аудан басшысына ақ батасын берді.

Тобаберген Тілеубергенұлы Ұлы Отан соғысында Белоруссия, Польша, Чехословакия, Кинигсберг, Берлин қалаларын жаудан азат етуге қатысқан көзі тірі, ғасыр жасаған қазалылық майдангердің бірі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<