Мақпал Жұмабай «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасының орынбасары болды

427

0

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен журналист Мақпал Жұмабай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мақпал Жұмабай Корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Qazaqstan телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, «Balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. 2018 жылдан бүгінге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарып келді»,-делінген хабарламада.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<