«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды

999

0

Римде күрес түрлерінен «Маттео Пелликоне» рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесі бойынша, 57 келіде Нұрислам Санаев, 61 келіде Адлан Асқаров және 79 келіде Ғалымжан Өсербаев чемпион атанды.

70 келіде белдескен Дәулет Ниязбеков пен 92 келіде Елхан Асадов ел қоржынын күміспен толықтырды.

Ал 74 келіде Нұрқожа Қайпанов пен Данияр Қайсанов, 86 келіде Есқали Дәулетқазы қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетерлігі, 97 келіде боз кілемге шыққан Әлішер Ерғали де қола, 125 келіде Юсуп Батырмурзаев күміс жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<