Медиацияны дамытуға арналған конференция

353

0

Қызылорда қаласы Достық үйінде “Қазақстандағы медиацияның дамуы” тақырыбы аясында конференция өтті.Шараға «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сабыржан Қалмұхамбетов, «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы Ислам Болатов және облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Айгерім Алиева, Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшелері, құқық қорғау саласының өкілдері, “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара модераторы “Қоғамдық келісім” КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы қоғамдық келісім мен жалпы­этностық бірлікті қамтамасыз етуде медиация институтын нығайту және одан әрі дамыту бойынша шаралар жүргізу маңызды екеніне тоқталды.

Конференция барысында дауларды реттеудің баламалы түрі болып саналатын медиация туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бейтарап тараптың қатысуымен дауларды шешудің тәсілі азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар бойынша дауларда, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істерде қолданылатыны айтылды. Облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі Жақсыбай Жакеевтың айтуына қарағанда, екі тарапты мә­мі­леге келтіру сот өкіліне үкім шығарудан да қиын. «Азамат­тарды сотқа жеткізбей татулас­тыру үлкен тәжірибе мен білік­тілікті қажет етеді. Маманның әлеуметтану мен адам психологиясынан да хабары болуы қажет. Бұл тұрғыда медиация туралы халықты ақпаратпен қамту жағын жандандыру керек,”-деді.

Ал отставкадағы судья, «Құрметті судья» атағының иегері, облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, медиатор Зина Жаңбыршиева қаладағы медиация орталығының ашылған сәтінен атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті. Әсіресе, мектептік медиацияның қалыптасуы бағытында жүргізілген жаңашыл жобаларды атады. Конференция аясында бітімгерлік мәселесінде маңызды орын алатын қоғамдық медиатордың қызмет этикасы ережелерін әзірлеу, медиативтік келісімдердің сапасын арттыру критерийлерін анық­тау, медиаторлардың біліміне жә­не біліктілігіне қойылатын нақ­ты талаптарды белгілеу сұ­рақ­тары талқыланып, ұсыныстар айтылды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<