Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 20% көбейеді

547

0

Фото: ашық дереккөзден

Медицина жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20% көбейеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті.

2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты бөлінді, оның 1500-і резидентураға бөлінген.

2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Президент пен «Аманат» партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай ұлғайтылды. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға ұлғайды.

«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады», – дейді департамент директоры Дәулет Алдыңғұров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап өңірлер өтінімдерінің негізінде резидентурада гранттарды бөлуді енгізді. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясатын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

2022 жылғы 8 ақпанда салалық біліктілік шеңбері бекітілді. Осы оқу жылынан бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың 5 жылдық бағдарламасы енгізілді.

Сондай-ақ, 21 кәсіби стандартты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасуда және 2023 жылы 36 кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жоспарлануда.

Министрлік медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, биыл ҒАРД бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 4200 дәрігер, оның ішінде 138 шетелдік және 2650 мейіргерді оқыту ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<