Мейірімді мейіргерлер

594

0

Сырқаттанып қаладағы Теміржол ауруханасының әйелдер бөлімінде ем алдым. Мамандар жоғары медициналық қызмет көрсетті. Бұл бөлімдегі ақ халатты абзал жандардың барлығы білімді, тәжірибелі және адамгершіліктері мол жандар екен. Әсіресе мейіргерлері кішіпейілділік танытып, жанашырлықпен қызмет етті.

Аурухананың дәрігерлеріне, мейіргерлеріне алғыс айтқым келеді. Аға мейіргер Айгүл Джусупбекова, кезекші мейіргерлер Жанар Таширова, Ағызым Сәрсенбаева аналық алғысымды білдіремін. Олар білім мен шеберлігі бар, емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби, психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан белсенді мамандар. Еңбектеріне табыс, отбастарына бақыт тілеймін.

Гүлсім БЕКТАЕВА, қала тұрғыны.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<