Мекеме қызметкерлері қысқы киім үлгісіне көшті

335

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 60 мекемесінде жеке құрамның қысқы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау өтті.

Саптық байқауды мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Мулдашов Айбек жүргізді.

Қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне көз жеткізді.

Аталған тексерістің мақсаты жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін лайықты ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ, қызметкерлердің қысқы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру болып табылады.

«Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде жылына екі рет – көктемде жазғы киім нысанына және күзде қысқы киім түріне ауысқан кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі тиіс»,-дейді әділет лейтенанты Мулдашов Айбек.

Адина Ұзақбай,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<