Педагогтерге арналған республикалық семинар өтті

232

0

Фото автордан

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделіндегі педагогтің рөлі» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған республикалық семинар өткізілді.

Тәжірибе алмасу семинарына Жамбыл, Түркістан облыстарының, аймақ аудандары мен Қызылорда қаласынан 50-ге жуық балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілер, логопед мамандар қатысты.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асырудағы педагогтің рөлін айқындау жолдарын қарастыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілген әдістемелік семинар барысында педагогтердің басқару менеджментінде жобамен жұмыс, мектепке дейінгі ұйымдардағы IT технологиялардың тиімділігі, театрландырылған қойылымдар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асырудағы тәрбиешінің, логопедтің рөлі, кітап бұрышын және мобильді кітапхананы ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру тақырыптары бойынша үздік баяндамалар тыңдалып, тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

Республикалық онлайн семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу болды. Семинарға қатысқан барлық педагогтерге сертификаттар, үздік баяндамашыларға Құрмет грамоталары берілді. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша электронды жинақ шығарылады.

«Өрлеу» Қызылорда филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<