«Мектепке жол» жалғасуда

330

0

Арал ауданында «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде. Акцияның ашылуы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде өткізілді.

Қайырымдылық шарасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Т.Қанатов және аудандық білім бөлімі басшысының кеңесшісі А.Бөлекбаев оқушылар мен ұстаздарды алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады. Акция аясында 110 балаға оқу құралдары табысталды. Аудан бойынша білім беру мекемелерінде өткізілген акцияда 840 балаға қажетті киімдер мен оқу құралдары берілді. Акция әлі де жалғасын табуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<