Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі маңызды

1139

0

Мемлекеттік  қызмет  этикасы  қызметшілердің  кәсіптік  қызметін  орындауда  оңтайлы  көзқарасты  көрсететін  адамдық  қарым  қатынастардың  кәсіптік  тәртіп  кодексінің  бір  түрі  ретінде, сонымен  қатар   бұл  кәсіптің  мәдени- ізгілік  бағытын  түсіндіретін  әлеуметтік – философиялық  пән  болып табылады. Мемлекеттік  қызметші  үшін  өзіне  шектен  тыс  сенімді  болу, қызметтестеріне, бағыныштылары  мен  келушілерге  шыдамсыздық  көрсету-үлкен  қателік. Мемлекеттік  қызметшінің  ақиқат   шыншыл  болуы- оның  маңызды  моральдық  қасиеті  болып  табылады. Ол  екіжүзділікке , өтірік  айтуға, ырғақтарды  жеке  мақсаты, мансабы  үшін  өзгеше  сипатта  қарауға, түінуге  қарсы.

      Мемлекеттік  қызметшіге, өзге  мамандық  иелеріне  қарағанда  тәкаппарлық  тіпті де  жараспайды. Ол  адамдарға  қатынасындағы  менмендікпен,  олардың  білімі  мен  тәжірибесін  менсінбеушіліктен, өз  орнын  аса  биік  бағалаудан, қолы  жеткен  табысқа  мастанудан, өз  мүмкіндігін  асыра  бағалаудан  көрінеді.

     Қоғамдық  пікірді  есепке  ала  отырып, өз-өзіне  жоғары  талап  қоя  білу  мемлекеттік  қызметшінің  өзін-өзі  ұдайы  жетілдіру  ғана  емес, өзгелерден  сондай  жетілуді  талап  ету  болып  табылады. Талап  ету – сенім  білдірумен, сыйлаумен  сабақтасып  жатуы  қажет. Мемлекеттік  қызметшіге  қажет бір  қасиет- тыңдай  білу. Тыңдай  білу  сөйлеушінің  сөзін  бөлмей   мақұлдау  ғана  емес, оның   ойына, сезіміне  ортақтасу. Моральдық  сапа  қасиеттерінің  ішіндегі  ең  шынайысы- Мемлекеттік  қызметшінің   өз  беделі. Беделдің  жиналуы − өз  ісін  терең  білуі  мен  қажымас  еңбек, адалдық пен  әділдік, қарапайымдылық  пен  байсалдылық, өзіне  де, өзгелерге  де  талап  қоя  білушілік  және  парыз  бен  жауапкершіліктің   дамыған  деңгейі. 

    Мемлекеттік  қызметші   болу,  бұл- адамдармен  тең  қарым- қатынаста  болу,  кез  келген  жағдайдан  жол  таба  білу, өз сезімін  басқара  білу.  Тап-таза, өзіне  сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын  артық  жылтырақсыз  киінген  қызметкер  сенімге  тез ие болады. Тиімді  қарым-қатынас  үшін   әңгімелесуші өзіне  бейімдеудің , өзін-өзі  икемді  ұстаудың, ұстамдылық  пен  ашық  адамға  тән  қасиеттерді  меңгерудің  маңызы  зор. Мемлекеттік  қызметшіге  тән  тағы бір  қасиет  мұқият  тыңдай  білу. Айналаңызды  ынта  қоя  тыңдаған  сайын, сөйлеуші  де  сізге  ықыласпен   әңгімелей  түседі. Сіз  сөйлегенде , ол  да  сізді  сондай  ынтамен  тыңдамақ. Белсенді  тыңдай  отырып, мәселе  бойынша  орынды  сұрақтар  қоя  білу- адамның  көзін  жекізудің  маңызды  бір  бөлігі. Әдетте, қызметтегі  жоғарылауларды жақсы  сөйлейтіндерге  қарағанда  жақсы  тыңдай  білетіндер  тез  алады.

            Әрбір мемлекеттік қызметкер, мемлекеттің өсуі − өркендеуі оның жұмысының нәтижесіне байланысты екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік  қызметкер деген атқа ие болу және сол қызметті абыроймен атқару әрбір қызметшінің басты міндеті

Ақкенже ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

Қызылорда қалалық сотының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<