Мемлекеттік сатып алу мәселелері қаралды

541

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты кездесу өтті. Жиында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жыл басынан бері тапсырыс берушілер 2944 конкурстың 2808-ін немесе 95%-н жариялады. Нәтижесімен 1363 сатып алу бойынша 5 млрд теңге үнемделген. Қалған 1445 конкурстың және жыл соңына дейін өткізу жоспарланған 136 сатып алудың өткізілуі бақылауда.

Жарияланған сатып алулардың 945-ін – басқарма ұйымдастырып, өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көбейіп отыр. Ал, қала және ауданның бірыңғай ұйымдастырушылары 1573 мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялап, бұл көрсеткіш 36%-ға артқан. Тапсырыс берушілер 290 дербес конкурс ұйымдастырып, былтырға қарағанда 50 бірлікке азайған, барлық өткізілген сатып алулардың 90%-ын бірыңғай ұйымдастырушылардың жүргізуі оларға деген сенім артқанын көрсетіп отыр.

Аймақ басшысы мемлекеттік сатып алу конкурстарының заң аясында өтуін қатаң бақылауда ұстап, бөлінген қаржының уақытылы игерілуін тапсырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<