Меморандумға қол қойды

287

0

Биыл еліміздің Әділет министрлігі тарапынан адвокаттар мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсеткен кезде азаматтардың, процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүддесінің бұзылуын анықтау мақсатында тиісті іс-шаралар қолға алды. 

Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» «Жеке тұл­ғаларға мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру мәсе­лесі бойынша өзара ынты­мақ­тастық ту­ралы» мемо­рандумға қол қойылды. Оған облыстық әді­лет департаменті, облыстағы барлық құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қолдау білдірді.

Аталған шара барысын­да облыстық әділет депар­та­мен­тінің басшысы Ирина Бә­кішева меморандумның мақ­­сатына тоқталды. Оның ай­­­туынша, адвокаттардың мем­­­лекет кепілдік берген заң кө­мегін көрсетуі кезінде аза­мат­тардың, процеске қаты­су­­шылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзы­луын анықтау, алдын алу мәсе­лесіне назар аударылады. Нә­ти­жесінде әрбір азамат сол арқылы мемлекет кепілдік бер­ген білікті заң көмегімен қамтамасыз етіледі. Адвокат­тар көрсететін мемлекет кепіл­дік берген заң көмегіне ақы төлеуде бюджет қаржысын тиімді пайдалана алады.

Қазір облыста адвокаттар саны артып келеді. 2015 жылы өңірде 91 маман осы қызметті атқарса, олардың са­ны 139 адамға жетіп отыр. Бүгінде 122 адвокатпен арнайы келісім-шартқа қол қойылды. Былтыр 7 мыңнан астам адамға тегін заң көмегі көрсетілген.

«СБ» ақпарат.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<