Меморандумға қол қойылды

671

0

27 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №127 мектеп-лицейі арасындағы ынтықмақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында институт директоры Бауыржан Елеусінов пен мен мектеп-лицей директоры Гүлшар Абдикадирова арнайы құжатқа қол қойды. Мектеп педагогтеріне оқу-әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.

Меморандумның мақсаты – дуалдық оқытудың элементтерін ендіру, оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейту, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, сонымен бірге ғылыми-зерттеулер жүргізу, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру.

Филиал директоры Бауыржан Елеусінов №127 мектеп-лицейімен бірлескен жұмыс жоспары жасалатынын, білікті мамандардың басшылығымен мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері берілетінін, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетінін, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын курстар өткізілетінін атап өтті.

Біз №127 мектеп-лицейіне өз әріптестеріміздің қатарына қош келіпсіз дейміз! Ұзақ және табысты бірлескен жұмыстар күтеміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<