Мереке қарсаңында үздіктер марапатталды

156

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін ауданда Қ. Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс – сөздің асылы» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімі Ардақ Ибраимов арнайы құттықтауын жеткізіп, шынайы алғысын білдірді. «Басынан қаншама зұлмат, зобалаңды өткізіп, тағдырдың тезінен аман қалған халқымыз бүгінгі таңда тату-тәтті, ынтымағы жарасып, бірлікте ғұмыр кешіп келе жатыр. Осындайда бірлік пен ынтымақты бәрінен жоғары қойған халқымызға айтар алғысымыз шексіз болмақ!Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, аудан экономикасы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосып, туған жерді түлетуде ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан аудан тұрғындарына шынайы алғысымды білдіремін»,-деді Ардақ Ибраимов.

Мереке қарсаңында ардагерлер мен өз саласының үздік мамандарына аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің құрметі мен ынтымағының күні аудан бойынша жоғары деңгейде тойлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<