Мерекелік шарада марапатталды

411

1

13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті клубында «Жүректен жылу кетпесін» атты мерекелік шара өтті.

Оны аудандық жүмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бѳлімі, зағиптар қоғамы, «Қазалы ынтымағы» коғамдық бірлестігі карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырды.

Бѳлім басшысының орынбасары Баян Тѳлегенова мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет кѳрсету бағытындағы жүмыстар туралы айтты. Сонымен бірге, әлеуметтік сала жұмысының ілгері басуына үлес қосып жүрген жеке кѳмекшілер Қиғаш Егізбаева, Айгүл Қызылшалиева, Баубек Аңдақұлды аудан әкімінің, аудандық зағиптар коғамында ѳнерімен кѳпшілікке танылып жүрген Даража Тұрмағамбет, Әсия Қыстаубаева, Серікбол Шайхов, Серік Ерболатовты бѳлім басшысының алғыс хаттарымен марапаттады.

Шара барысында көпшілік концерттік бағдарламаны тамашалады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сый-сияпат табысталды.

Әлімжан ҚИЯС,

Қазалы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<