Министр коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайға түсінік берді

734

0


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Тәулігіне 2 мыңға дейін жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде инфекцияның таралуына әсер етіп, 1 тамыздан бері салыстырғанда репродуктивті көрсеткіш 1,2 есеге төмендеді», – деді А. Цой Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Оның айтуынша, КВИ бойынша эпидахуалдың тұрақтануы ауруханаға жатқызу деңгейінің төмендеуін көрсетті. «Еліміз бойынша инфекциялық орындар 36 пайызға, реанимациялық орындар 33 пайызға жүктелген», – деді министр. Айта кетейік, Алексей Цой Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өткенін мәлім етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<