Министрлер қабылдауына қалай жазылуға болады?

699

0

Министрлер қазақстандықтарды онлайн-форматта қабылдайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nur Otan баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Nur Otan партия мүшелері және министрлердің қабылдауына жазылу үшін 8 800 080 4441 call-орталығына (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), 8700 800 4441 WhatsApp нөміріне немесе komek@nurotan.kz электрон мекенжайына хат жіберу қажет.

Қабылдау күндерінің тізімі:

  • 3 ақпан – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
  • 5 ақпан – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова;
  • 17 ақпан – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;
  • 18 ақпан – Сыртқы істер премьер-министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді;
  • 19 ақпан – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев;
  • 24 ақпан – Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев,
  • 25 ақпан – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;
  • 26 ақпан – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<