Министрмен кездесті

573

0

Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесті.

Сыр еліне жұмыс сапарымен келген министр аймақ басшысымен бірге өңірде цифрландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, онлайн қызметтер алу, байланыс желілерін жақсарту бағытында бірлескен жұмыстар пысықталды.

Ведомство басшысы Қызылорда өңірінде бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ондағы цифрлық қызметтердің сапасын көріп, тұрғындармен кездесу барысында өзекті мәселелерді айқындап алғанын жеткізді.

Ғарыш мониторингі нәтижесінде аймақта заңсыз пайдалы қазбаларды өндіріп жатқан 94 орын, рұқсат етілмеген 101 қоқыс нысандары анықталған.

Айта кетейік, Бағдат Мусин екі күндік жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласында емхана және халыққа қызмет көрсету нысандарында болып, халықпен есепті кездесу өткізді. Сондай-ақ, Байқоңырда ғарыш кемесінің ұшырылу сәтіне қатысып, «Роскосмостың» жаңа басшысымен бірге бірқатар мәселелерді талқылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<