«Молодой ученый» журналының арнайы шығарылымы жарыққа шықты

2024

1

Қызылорда «Болашақ» университеті Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай өткізілген «Қазіргі ғылым және инновациялар» атты VІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Молодой ученый» журналының кезекті арнайы нөмірін жарыққа шығарды. Жаңа нөмір «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

Аталған нөмірде саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың «Саяси жарнаманы зерттеуден туындаған соңғы көзқарастар», ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент М.М. Жанзаковтың «Қамбаш көлі учаскелеріндегі сазандардың биометриялық көрсеткіштері», филология ғылымдарының кандидаты Г.Ж. Снасапованың «Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері», экономика ғылымдарының кандидаты А.Т. Райымбекованың «Дағдарыс жағдайында екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету», әлеуметтік ғылымдар магистрі Ә.Ә. Рысқұлованың «Фонематикалық қабылдаудың бұзылуын зерттеу мен түзетудің тарихи аспектілері» сынды т.б. ғалымдардың ғылыми мақалалары жарық көрді.

Жаңа кезекті арнайы шығарылымда әдеттегідей университеттің ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы шеңберіндегі зерттеулер нәтижелері жарияланып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарыққа шықты.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Пікірлер:

Пікір жазыңыз