Молшылық маусымы

566

0

Күз – берекенің айы. Бау-бақша түгел жиналып, қырман басы тазаланатын уақыт. Осындай молшылық пен тоқшылықтың бір парасы облыс орталығында әр сенбі сайын өтіп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде байқалады. Таң сәрімен тынымсыз тіршілікке кірісетін диқандар ала жаздай баптаған өнімдерін халыққа ұсынуда.

Өткен сенбіде Қызылорда қаласындағы Жанқожа батыр көшесінің бойында Сырдария ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Азық-түлік бағасы қолжетімді. Қала нарығындағыдан едәуір төмен бағамен саудаланды. Баға тұрақтылығына көңілі толған қала тұрғындары экологиялық таза өнімдерді шаруалардың өздерінен сатып алуға асықты.

Сырдариялық диқандар жәрмеңкеге 60 жүк көлігіне тиелген 160 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, 20 тоннадан астам күріш, 20 тоннадай картоп, 15 тонна сәбіз, 15 тонна пияз, 50 тонна қауын мен қарбыз, 10 тонна асқабақ, 10 тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдері, 1 тоннадан астам ет және балық өнімдері, 160 литр сүт өнімдері және 20 тоннадай жем-шөп жеткізілді. Жәрмеңкеге жиналған қала тұрғындары өзіне қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен алды. Сырдариялық диқандардың мол тартуы алдағы уақытта да тұрғындарға ұсынылатын болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<