Монополияға қарсы комплаенс жасау жолдары талқыланды

739

0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және кедергілерді болдырмау мақсатында сауда желілері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші нарық субъектілерімен монополияға қарсы комплаенс жасасу мәселесі бойынша «Open Space» кеңсе отырысын өткізді.

Кеңсе отырысы барысында, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу үшін монополияға қарсы органмен монополияға қарсы комплаенс жасасу мүмкіндігі түсіндіріліп, нәтижесінде, нарық субъектілері тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

 Осыған сәйкес, Департаментпен Қызылорда қаласында тіркелген ірі сауда желілері, күріш және тұз өндіруші субъектілері басшыларымен монополияға қарсы комплаенс жасалып, екі жақты қол қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<