Мүмкіндіктер керуені: 561 бос жұмыс орны

497

0

Титов шағын ауданындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту сондай-ақ, олардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін «Мүмкіндіктер керуені» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Оған облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова қатысты.

«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі аясында жастарға қала және өзге өңірлерден 42 жұмыс беруші мекеме 561 жұмыс орнын ұсынды, «Дипломмен – ауылға», «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы, «Бизнес-Бастау» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жас отбасыларға тұрғын үй алу туралы кеңес берілді. Сондай-ақ, e-gov электронды қызмет көрсету жүйесін пайдалану туралы «Азаматтарға арналған үкімет», адвокат, сот орындаушы және құқық қорғау, медицина, білім саласының мамандары ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлық бос орындар туралы ақпарат Enbek.kz порталына орналастырылған.

Сала басшылары жастар мен тұрғындарға арналған мүмкіндіктерді кең пайдалану және алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табатынын айтты.

Жәрмеңке соңында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Кеш мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, бұған дейін аталған жәрмеңке облыстық Жастар ресурстық орталығында және Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өткізіліп, 100-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылған болатын. Алдағы уақытта қаланың басқа да аймақтарында өткізу жоспарлануда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<