Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

7598

0

Фото автордан

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ҚАЖ департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен А.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында іс-шара өтті.

Шараға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Ерекешева Жаныгул Мұхитқызы, кітапхана қызметкерлері және №3, №60, №68 мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны ҚАЖ департаментінің ішкі коммуникация қызметінің маманы Данагүл Жеңісқызы ашып, саналы ғұмырын елінің болашағын жырлап өткен ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Одан соң Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Жаныгул Мұхитқызы қазақ поэзиясында өшірмес із қалдырған мұзбалақ ақынның өлеңімен бастап, Мұқағалидің ақындық шеберлігіне байланысты қайталанбаc, ерекше теңеу берілген «Мұзбалақ», «ақиық» сөздерінің мағынасын ашып айтты.

Кеш барысында қызметкерлер ақынның поэзия әлеміне тоқталып, өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқап, ақын туралы сұрақтарға жауап беріп, бейнесюжет тамашалады.

Сондай-ақ ақынның туған күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері арасында аталып өтілді.

Шығармашылық кешке Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскер мамандары Айгуль Бакирова мен Светлана Ильясова кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өмірінен біршама мағлұматтар берді.

Шара барысында жеке құрамның бірнеше қызметкері ақиық ақынға арнап өлең шумақтарын оқып, ақын туралы өзгеде тың ақпараттарымен бөлісті. Сондай-ақ, шара соңында Ә.Тәжібаев кітапханасының әдіскері Айгуль Бакирова Мұқағали ақынға арналған “Әр өлеңі-бір әлем” тақырыбында кітап көрмесімен таныстырып, жазушыға арнап шығарған журналдармен бөлісті.

Сонымен қатар, белсенділік көрсете білген жеке құрам қызметкерлері мен тергеу мекемесіне кітапхана тарапынан  35 дана кітап сыйға тарту етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<