МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

309

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі М.Баекеев Қармақшы ауданында сапар барысыда мемлекеттік бағдармаларды тиімді пайдаланып, нәтижелі жұмыс жасап жатқан Жосалы кентіндегі Индустриалдық аймақ жұмысымен танысты.

 Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында бетон өнімдерін шығаратын «Мир 2001» ЖШС-нің жұмысымен, темір қалдықтарын қорытып, арматур өнімдерін шығаратын ЖК «Бердібаев К» жұмыстарын көріп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген Мәжіліс депутаттары ризашылықтарын білдіріп, сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<