Нәрестені перзентханадан шығарып алу қанша тұрады?

600

0

Қазіргі таңда жаңа туған нәрестені перзентханадан шығарып алудың өзі қыруар қаржы тұрады. Нәрестеге арналған арнайы жиынтықтың өзіне біраз шығындалуға тура келеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бір қарағанда жаңа туған нәрестеге көп заттың қажеті жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл біз ойлағандай емес. Әрі сәбидің киімі арзан тұрмайды. Дегенмен, нәресте киімін тиімді бағада сатып алып, аз қаржы жұмсауға болады. Мәселен, сәбиге арналған бас киімді — 400, шұлықты — 200 ал, жұқа, әрі жылы іш көйлектерді 800 теңгеден табуға болады. Ал салқын кезде киетін комбинезондар 3 мың теңгеден басталады.

Сәбидің арнайы жиынтығына кіретін жылы көрпешелердің де түрі көп. Олардың бағасы 2 мың теңгеден жоғары.

Отбасындағы қуанышты ерекше атап өткісі келетіндер фотосуретші мен бейнеоператорларды шақырады. Бұл қызмет түрінің ең төменгі бағасы — шамамен 15 мың теңге.

Нәрестелерге арналған арнайы жиынтықты іздемей-ақ, осылайша өзіңіз жасап алуға болады. Сол кезде көп шығын кетпейді. Яғни 25 мың теңгеге барлық нәрсені қамтуға болады

exk.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<