«Назарда жүргім келмейді»: Асқар Жүнісбеков неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты

215

0

Фото: ашық дереккөз

Әнші Асқар Жүнісбеков соңғы уақытта өнер әлемінен көрінбей кетуінің себебін айтты. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында тойда жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Тойда жүрмін. Өнердің төңірегіндемін. Алматыдамын. Жаңа ән жазылу үстінде. Көп сұхбат бермеймін. Үнемі назарда жүргім келмейді. Бала кезден сондай әдет бар. Көңілден кете қойдық деп ойламаймын. Концертке дайын емеспін. Әнді әлі де толықтыру керек екен. Өз көңілімнен шығатындай концерт бергім келеді. Табыс көзім – той, концерт. Өзіме күнде есеп берем, күнде ойланамын. Жалқаулық бар, мойындаймын. Жоқ болып кетпедім, жүрмін. Әлеуметтік желіде жаңалығыммен бөлісіп тұрам. Көп жобаға қатысып жүрмін. Қамшылайтын продюсер керек сияқты. Қазір 1-2 көмекшім бар», – деді Асқар Жүнісбеков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<