Құрылтай

Нельсон Мандела күніне орай деректі фильм көрсетілді

35

0

Фото: ҚАЖД

«Өткеннен тағылым алған ұлттың болашағы жарқын». Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай жазасын өтеушілерге Нельсон Манделаның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне арналған деректі фильм көрсетілді.

Фильм барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғау, әділдік пен теңдік жолындағы күресімен әлемге үлгі болған Нельсон Манделаның өмірінен тағылымды мәліметтермен танысты. Сондай-ақ оның қайсарлығы, сабырлылығы мен бейбітшілікке негізделген ұстанымдары кеңінен насихатталды.

Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеушілердің тарихи тұлғалар туралы танымын кеңейту, олардың бойында адамгершілік, төзімділік және заңға құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту.

Мұндай танымдық іс-шаралар жазасын өтеушілердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етумен қатар, өмірлік құндылықтарды қайта саралауға мүмкіндік береді.