«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы 25 тамызға ауыстырылды

782

0

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы 25 тамызда өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде партия басшылығы ресми мәлімет таратты. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 24 тамызға белгіленген отырысы 25 тамызға ауыстырылды» деп жазды Twitter парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Еске сала кетейік, 17 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<