Нұр-Сұлтан – Санкт-Петербург рейсі қайта ашылады

456

0

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Санкт-Петербургке тұрақты рейсті жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуекомпанияның мәліметінше, Нұр-Сұлтан – Санкт-Петербург рейсі 9 қазаннан бастап қалпына келтіріліп, алдымен сенбіде, ал қарашадан бастап сәрсенбіде орындалады.

13 қыркүйекте Ресей үкіметі Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстерді үштен жетіге дейін және Мәскеу – Алматы бағытын аптасына екіден жеті рейске дейін ұлғайту, сондай-ақ Мәскеу – Қарағанды, Мәскеу – Шымкент, Мәскеу – Ақтау, Мәскеу – Қостанай, Санкт-Петербург – Нұр-Сұлтан, Махачкала – Ақтау, Грозный – Ақтау, Калининград – Алматы, Калининград – Нұр-Сұлтан, Новосибирск – Нұр-Сұлтан, Омбы – Нұр-Сұлтан, Омбы – Павлодар, Омбы – Петропавл бағыттары бойынша аптасына бір рейсті жүзеге асыру жоспары туралы хабарлаған.

Кейінірек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 21 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы рейстер жиілігінің артуына байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 54-ке дейін көбейетінін хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<