Нұрболаттың нысанасы

314

0

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Ауыл нақыштары» дәстүрлі республикалық фотобайқауда әріптесіміз «Сыр медиа» ЖШС-ның фототілшісі Нұрболат Нұржаубай жүлделі ІІ орынды иеленді.

 «Ауыл нақыштары» байқауы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталған болатын. Ауылдың шынайы көрінісі, әсем табиғаты арқылы оның тұрмыс-тіршілігіне көпшілік назарын аудару, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатын көздеген  байқауға еліміздің барлық өңірлерінен партияның сайты арқылы 500-ге жуық жұмыс келіп түскен. Әріптесіміз 122 үміткердің арасынан озық шықты.

−       Барлық берекенiң бастауы−ауыл. Сондықтан ауыл нақыштарын дəрiптейтiн мұндай бастамаларды ерекше қолдаймын. Бiрге атсалысуға тырысамыз. Байқауға әуесқой фотографтар да, өз ісінің кәсіби мамандары да қатысты. Барлығымызға ұйымдастырушылар бірдей шарт қойды. Әр қатысушыға 3 фотодан жіберу мүмкіндігі болды. Менде бақ сынап көруге тырыстым. Партия басшылығы мен тәжірибелі фотографтар енген кәсіби қазылар алқасы еңбегімді жақсы бағалады. Республика кɵлемiндегi осындай ауқымды шараны ұйымдастырған «Ауыл» партиясына алғысымды айтқым келедi. Ауылымыз кɵркейе берсiн, – дейді Нұрболат Нұржаубай.

Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<