НЗМ: Конкурсқа құжат қабылдау жүргізілуде

319

0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау науқанының аяқталуына 12 күн қалды.

2021 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылдау комиссиясына тиісті құжаттарды өткізуге үлгіріңіздер.

Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу қарастырылған.

Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты https://kzl.nis.edu.kz/?lang=kk сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен көруге болады.

Байланыс телефоны: +7 7242 55 11 52

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз