Объективтегі уақыт шежіресі

2793

0

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, фотосуретші Шакимардан Мажитұлының «Тұран ойпатының өркениеті» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Мұнда көрме иесінің 70-тен астам фотосурет топтамасы қойылып, тақырыптық бағытқа жіктелген. Көрменің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев қатысты. Қонақтар документальді фотосуретшінің кәсіби еңбегіне баға беріп, оның облыстық мәдени-рухани фотошежіресін жасаудағы еңбегіне тоқталды.

Галереяның қос залына автордың ширек ғасыр жинақтаған еңбектері ілінген. Әсіресе, айтулы оқиғалар мен тарихи нысандар бедері таңбаланған фотосурет үлесі жоғары. Оның ішінде Сырдағы сақтар тарихынан сыр шертетін қалалар мен қорғандар, орта ғасырлардағы кесенелер автор объективінен әсерлі жеткізілген.

Шакимардан Мажитұлы – саналы ғұмырын Қызылорда облысының тыныс-тіршілігі мен табиғатын бейнелеуге ұмтылған фотосуретші. Оның қоржынында Қызылорда қаласындағы ескерткіштер мен ғимараттар туралы фотосурет үлесі басым.

Айта кетейік, облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 85 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған көрмеде автордың жеке қорындағы фотоаппарат түрлері, суреттері енген кітаптар да қойылды. Аталған көрме 25 наурызға дейін жалғаспақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<