Облыс бойынша 81,07 % дауыс берді

589

0

2022 жылғы 20 қарашада дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды.Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

1. Абай облысы бойынша – 80,18 %

2. Ақмола облысы бойынша – 78,87 %

3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %

4. Алматы облысы бойынша – 72,10 %

5. Атырау облысы бойынша – 70,87 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %

8. Жетісу облысы бойынша – 81,42 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %

10. Қостанай облысы бойынша – 79,28 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%

13. Павлодар облысы бойынша – 77,58%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%

15. Түркістан облысы бойынша – 80,37%

16. Ұлытау облысы бойынша 75,48 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %

18. Астана қаласы бойынша – 48,60%

19. Алматы қаласы бойынша – 28,72%

20. Шымкент қаласы бойынша – 59,79%

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<