Облыстық музейге экскурсия жасады

280

0

Фото автордан

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 37-мекемесінің тәрбие және кадр саясаты тобының инспектор -психологы әділет аға лейтенанты Замира Бостанова жеке құрам қызметкерлерін С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында алып барды. Олар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған құнды жәдігерлерден ұйымдастырылған «Сарыарқа – Ұлы дала өркениетінің алтын бесігі» атты көрмеге экскурсия жасады.

Көрмені экскурсия жетекшісі Айжан Тасенова таныстырды. Көрме «Алтын адам және Қарағанды облысының археологиялық ескерткіштері», «Сарыарқаның қасиетті жерлері», «Арқа жерінің этнографиясы», «Қоянды жәрмеңкесі», «Болған ана», «Арқаның ардақты азаматтары», «Кеншілер қаласы» атты 7 бөлімнен тұрады. Барлығы 100-ге жуық жәдігердің тарихы жайында жеке -жеке тоқталып өтті.

Сондай -ақ көрмеге «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламалары бойынша жүргізілген археологиялық экспедициялар барысында табылған қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және орта ғасырларға жататын археологиялық музейлік жәдігерлер, Қарағанды өңірінің архитектуралық, археологиялық және ерекше табиғи орындарының фотосуреттері, сәндік-қолданбалы өнер топтамасы, Қоянды жәрмеңкесіне қатысты бұйымдар, Ұлытау өңіріндегі Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер, Қарағанды облысының жалпы, қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар, Қарағанды қаласының құрылу тарихы, көмір бассейінің дамуы мен өркендеуі, алғашқы геологтар мен шахталар, 30-жылдардағы кеншілердің құрал-жабдықтары ( каска, шойын балға, қайла, кеншілердің қол шамы) сияқты бірегей жәдігерлердің тарихын біліп, рухани орталықтан мол мағұлмат алды.

«Бүгінгі іс-шара жас қызметкерлерге рухани-адамгершілік, мәдени тәрбие беру, патриотизмді дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.Темір,қола дәуірінің құнды жәдігерлерімен танысып, тарихын білді.Алдағы уақытта да осындай шараларды өз жалғасын табатын болады»,-деді әділет аға лейтенанты Замира Бостанова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<