«Өнегелі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

1344

0

Қалалық жастар ресурстық орталығында Отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы» онлайн байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өткізілді. Айта кету керек, байқауды Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Байқау нәтижесінде І орын үш отбасыға беріліп, Бахбергеновтер , Бейісовтер, Сартаевтар отбасы марапатталды. Ал ІІ орынды – Медетовтер мен Ахметовтер отбасы иеленді. ІІІ орын –Сармырзаевтар отбасына бұйырды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<