Өңірде Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада өтті

947

0

Еліміздің білім беру саласында табысты еңбек еткен, саналы ғұмырын ұстаздық пен елдік іске арнаған ардагер-ұстаздарды ұлықтау жұмыстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында жолға қойылған.

12 мамыр күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылында Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасында КСРО Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаев атындағы Республикалық олимпиада өтті.

Республикалық олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың тарих пәнін тереңдетіп оқуына, өткен тарихымызды қастерлеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Биыл бесінші рет өткізілген цифрлық форматтағы білім додасында Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 25 жас білімгер өз білімдерін сарапқа салды. Білім бәсекесінің республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді. Ұпай қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Атап айтқанда,

9 сынып бойынша:

Шиелі ауданындағы Ғ.Мұхамеджанов атындағы №270 орта мектептің оқушысы Зұлхарнайұлы Әлихан – Бас жүлде;

Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы Перузхан Әсем – 1 орын;

Жалағаш ауданындағы №33 орта мектептің оқушысы Ерболқызы Нұрай – 2 орын;

Арал ауданындағы №65 орта мектептің оқушысы Қосан Ерғали – 3 орын;

Түркістан облысы, Қ.Тұрсынқұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Тухтакулова Гулмира – 3 орын;
10 сынып бойынша

Жалағаш ауданындағы №38 орта мектептің оқушысы Абдраман Мұхаммед – Бас жүлде;

Қармақшы ауданындағы №277 мектеп-лицейінің оқушысы Жанпейсова Аружан – 1 орын;

Қазалы ауданындағы №25 орта мектептің оқушысы Әйекешова Айнұр – 2 орын;

Түркістан облысы, №130 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Кадир Алтынай – 3 орын.
Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, қаржылай сыйақымен марапатталды. Олимпиадаға қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<